КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:
Халықты діни сауатылыққа баулу және қалық бұхараның діни сауаттылығын күшейту арқылы елдің береке-бірлігін, құт-ырыс ынтымағын сақтау мақсатында имам ұстаздар мен теологтар дайындау.
МАҚСАТЫ:
- білім беру қызметін мемлекеттік лицензия негізіндегі мамандықтар бойынша жүзеге асыру, білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
- еліміздің батыс аймағындағы мешіттерге жаһандану жағдайында алысты болжай алатын сауатты, білікті «Имам», «Ұстаз» біліктіліктері бойынша даярлау және қазіргі әлем дамуының барлық діни талаптарына жауап беретін білікті мамандарды даярлау;
- қоғамдағы теріс ағымның алдын алу арқылы ел бірлігі мен ынтымағын сақтау;
- ел тарихы мен географиялық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, болашақ жастарды дәстүрлі дін шеңберінде имандылыққа баулып,Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
МІНДЕТТЕРІ:
- қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету;
- үздік практикалар негізінде білім алушылардың,ұстаздардың және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу;
- қоғам қажеттіліктеріне және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- білім алушылардың зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру;
- қазақ халқының рухани мұрасымен ұштасатын, мәдениеті мен рухани өміріндегі исламның ханафи бағытындағы тарихи рөлін танитын, талаптарына жауап беретін қызметінің басым бағыттарын дамыту.