Жаңалықтар

“Асыл аналар өмірінен” атты сахналық қойылым өтті

20 наурыз 2023

2023 жылдың 3 наурызында Ақтөбе медресе колледжі кітапханасында “Оқуға құшта колледж” жобасы аясында кітапханашы ұйымдастыруымен қыздар бөлімінде “Асыл аналар өмірінен” атты сахналық қойылым өтті. Аталмыш іс-шараға И229К тобының 1 курс шәкірттері қатысып, Мәриям, Ажар, Айша (р.а.) сынды асыл аналарымыздың өмірінен қысқаша көрініс көрсетті. Осы шара арқылы шәкірттердің шығармашылық қабілеттері ғана дамып қоймай, дәстүрлі дініміздің тарихындағы батыр аналарымыздың өмірбаяндары туралы мол ақпаратқа ие болды.

Толық видео инстаграм сілтемесі бойынша: https://www.instagram.com/reel/CqKYmoggwi2/?utm_source=ig_web_copy_link

3