Кәсіптік білім беру аясында мектеп пен облыстығы техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары арасында әлеуметтік серіктестікті дамыту негізінде «Кәсіптік білім-болашаққа бағдар!» атты «ашық есік күні» Ақтөбе жоғары гуманитарлық және Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің базасында өтті. Облыстық білім басқармасының басшылығымен өткен іс-шараға біздің медресе колледж де атсалысты.
⠀
Мақсаты: еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру, мектеп оқушыларын мамандық таңдауда керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру аясында мектептер мен колледждер арасында әлеуметтік серіктестікті дамыту.Іс-шараның барысында мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесі еңгізіліп, оқушылар мен ата-аналарға мамандық бойынша керекті мәліметтер мен ақпараттармен қамтамасыз етілді.


⠀

ақтөбемедресеколледжі #aqtobemedresecollege #амкnews #кәсібибағдар