Сәуір айының 25-інші жұлдызында колледжіміздегі кезекті шәкірттермен кездесу облыстық мәслихат депутаты, Ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаевпен жалғасын тапты. Балаға патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың Отанға деген махаббатын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Кездесу барысында жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеу жайлы сөз қозғалып, пікір таласты.
⠀



ақтөбемедресеколледжі #aqtobemedresecollege #кездесу