Ғибратты оқиғалар

Ғибратты оқиғалар

Сабын мен дін

25 қыркүйек 2022

Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:

-Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, оыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?! Иманды кісі сабыншының бетіне бір қарады да:

— Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені, олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? — деп уәж айтады.

Сабыншы дереу қарсы шығып:

-Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?

-Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер шариғаттың талаптарына барлық пенде мойынсұнса күллі дүние баяғыда түзілген болар еді,- деп діндар жауап қатады.

5