Оқуға қабылдау ережесі
Ақтөбе медресе колледжі талапкерлерді оқуға шақырады. Оқу ошағы 2008 жылдан бері халыққа
қызмет етуде. Біздің басты мақсатымыз – жастардың сауаттылығын арттыра отырып, имандылыққа баулу.
Сондай-ақ еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету. Колледжде Қазақстан тарихы, Қазақ тілі,
педагогика-психология т.б. әлеуметтік пәндермен қатар дәстүрлі дініміз негізінде Құран, Тәджуид,
Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы, Хадис ілімі, Араб тілі, Ахлақ пәндерінен дәріс береді.
Оқуға қабылдау ережесі 2022-2023 (pdf)
Оқу мерзімі: 9 және 11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай; 3 жыл 10 ай
Мамандығы: 02210100 – "Исламтану"
Біліктілігі: 4S02210103 – "Имам-хатиб"
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай
Мамандығы: 02210100 – "Исламтану"
Біліктілігі: 4S02210104 – "Ұстаз"
Оқу ошағында білім алушы шәкірттерге жатағы және 3 мезгіл тамағы тегін.
Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша жеке қабылдау
комиссиясының отырсында ашық жүргізіледі.
Екі дүниенің шамшырағы болған діни білім алуға ұмтыл, жас талапкер!