Жаңалықтар

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Ақтөбе медресе колледжінің шәкірттерімен кездесті

11 қазан 2023

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Ақтөбе медресе колледжінің шәкірттерімен кездесті ⠀

Кездесуде ҚМДБ Төрағасы болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтып, шәкірттерді терең білім алуға шақырды. «Расында, білім – амалдың негізі, басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білімсіз амал жасаған жандардың амалы қабыл болмайды, кері қайтарылады. Білім мен амал – бірін-бірі толықтыратын, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам білім алуды тоқтатпауы тиіс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. ⠀

Сондай-ақ Бас мүфти медресе ұстаздарын Ұстаздар күнімен құттықтап, қызметіне табыс, отбасына амандық тіледі. Кездесу барысында шәкірттер ҚМДБ Төрағасына қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

31.jpg

32.jpg

33.jpg

34.jpg

35.jpg

36.jpg

37.jpg

38.jpg

Толығырақ инстаграм парақщамызда: https://www.instagram.com/p/CyP_u_NMXhJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

8