Жаңалықтар

Ақтөбе медресе колледжінде "Исламтану" мамандығы "Имам-хатиб" біліктілігі бойынша білім алушы жастар мемлекеттік емтихан тапсырды

21 маусым 2023

2023 жылғы түлектер 3 жылдық білімдерін қорытындылады

Ақтөбе медресе колледжінде "Исламтану" мамандығы "Имам-хатиб" біліктілігі бойынша білім алушы жастар мемлекеттік емтихан тапсырды📝

📌Студенттердің білімін тексеруге келген ҚМДБ "Діни білім және кадр даярлау" бөлімінің маманы Жаңабай Кожин төрағалық еткен комиссия құрамына Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Орал медресе колледжінің ұстазы Наурызов Асылбек Ақтөбе медресе колледжінің арнайы пән ұстазы Нургалиев Бауыржан және аталған рухани білім ордасындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Торбаев Жексенбай Жумадиллаевич кірді. Айта кетсек, емтиханға қатысқан 24 түлектің 6-ы үздік тапсырып, қалған студенттер өздерінің тиісті бағаларын алды. Түлектеріміз еліміздегі аймақтарға жас маман ретінде мешіттерге жаңа қызметтерге орналасатын болады.

🔎Емтихан барысында болашақ имамдарға қосымша сұрақтар бойынша қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің дін тұрғысынан қалай орындалатындығы мен шешімдеріне жауап берілді.

Түлектердің алған ілімдері болашаққа жол ашсын деп, алдағы сапарларына сәттілік тілейміз!🎓

ақтөбемедресеколледжі #aqtobemedresecollege #жасмаман #түлек2023

3979242d-e02f-4e29-86a0-93e8fe379a40.jpg

f037ef13-42cd-479f-9d4c-8b07110d7cc6 (1).jpg

867cd897-1c55-48c8-b7a9-7dfa77af3557.jpg

16