Ғибратты оқиғалар

03

қараша 2022
Күнә мен ұят

Күнә мен ұят

Ғалым Хасан Басри бір күні жолдастарымен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ кызметшілерімен сырнайлатып кернейлетіп кетіп бара жатса керек. Хасан Басри жол ортасында тұрып, аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап: - Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі.

Толығырақ

01

қараша 2022
Шынайы сезім

Шынайы сезім

Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін. Бір күні баласы медреседен қорқыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазіреті Әбу Бәкір Баррак: – Балам, не болды саған, түрің өзгеріп кетіпті ғой?!, - деп сұрады.

Толығырақ

23

қазан 2022
Түстегі патшалық

Түстегі патшалық

Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Дүниенің, өмірдің қиял, түс екеніне еш күмән жоқ, өйткені пайғамбарымыз бір хадис шәрифінде: «Адамдар ұйқыда, өлген кездерінде оянады» деген. Адам түсінде өте бай болуы мүмкін, жоғары мансап, абырой иесі болуы да мүмкін, көп нәрсе істеуі мүмкін, бірақ оянған кезде бәрі бітеді. Оянған кезде «Менің соншама мүлкім бар еді, мансабым, абыройым бар еді» деуінің қандай мәні болады?

Толығырақ

16

қазан 2022
Патшаның қызы неге бақытсыз?

Патшаның қызы неге бақытсыз?

ртеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты.Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты.

Толығырақ

09

қазан 2022
Үш тілім нан ақысы

Үш тілім нан ақысы

Жаппар бин Әбу Тәліптің ұлы Абдуллаһ ыстық күндердің бірінде құрма ағаштар бағына түсіп, ағаштардың көлеңкесінде отырады. Сол бақта қызмет еткен бір құлға түскі ас ретінде 3 тілім нан берілгенін көреді. Құл нанды ауызына салайын деп тұрғанда алдынан аш бір ит шығады. Құл қолындағы нанды иттің алдына қояды. Ит нанды бір мезетте жеп қояды. Құл екінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Аш ит бұл жолы да түгін қалдырмай жейді. Иттің әлі де аш екенін түсінген құл соңғы, үшінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Түскі ассыз қалған құл, жұмыс басына өтпекші болғанда, алыстан оны бақылап отырған Абдуллаһ жақындап сұрайды: "Бүгін саған берілген азықтың мөлшері қандай болды?"

Толығырақ

02

қазан 2022
Қабырға хикаясы

Қабырға хикаясы

Бір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын: — Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр.

Толығырақ

25

қыркүйек 2022
Сабын мен дін

Сабын мен дін

Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді: -Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, оыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?!

Толығырақ
1 7