Жүктелуде...

Біздің мамандықтар

Басты бет

    Ақтөбе медресе колледжі талапкерлерді оқуға шақырады. Оқу ошағы 2008 жылдан бері халыққа қызмет етуде. Біздің басты мақсатымыз – жастардың сауаттылығын арттыра отырып, имандылыққа баулу. Сондай-ақ еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету. Колледжде Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, педагогика-психология т.б. әлеуметтік пәндермен қатар дәстүрлі дініміз негізінде Құран, Тәджуид, Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы, Хадис ілімі, Араб тілі, Ахлақ пәндерінен дәріс береді.

1) Оқу мерзімі: - 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай; 11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай;
Мамандығы: 02210100 – "Исламтану"
Біліктілігі: 4S02210103 – "Имам-хатиб"

2) Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай
Мамандығы: 02210100 – "Исламтану"
Біліктілігі: 4S02210104 – "Ұстаз"

Оқу ошағында білім алушы шәкірттерге жатағы және 3 мезгіл тамағы тегін.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша жеке қабылдау комиссиясының отырсында ашық жүргізіледі. Екі дүниенің шамшырағы болған діни білім алуға ұмтыл, жас талапкер!