Жүктелуде...

"Алла мен Алланың Елшісі әмір еткендей дінге шақыру"

Image

"Алла мен Алланың Елшісі әмір еткендей дінге шақыру"

1     12 января 2023

Алла мен Алланың Елшісі әмір еткендей дінге шақыру. Кәзіргі таңда жие кездесетің мәселелердің бірі ол дінге шақырудағы көптеген қателіктер. Бұл қателіктердін нәтіжесінде Исламға бет бұрудың орнына кейбір адамдар діннен сырт айналып кетеді. Тіпті кейін уақыт өте келе оларға мұсылманшылық туралы қандай да бір жақсы нәрсе айтсаң бұны қабылдамай керісінше оны жамандап отырады. Жалпы бұндай кезде оның Исламды мойындамай кетуі қауыпы бар. Ал бұл әрекеті оны Жаннатқа емес Тозаққа апаруы әбден мүмкін. Бұл аса маңызды мәселені дұрыс шешуіміз керек. Бұл үшін ең абзалы Құран мен Сүннетке назар аударсақ.

Қасиетті Құранда Алла тағала бұған қатысты былай бұйырады: ۝ادْعُ إِلَي سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَ الْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَ جَادِلْهُم بِالْتِي هِىَ أَحْسَنُ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ۝

(Уа, Мұхаммед!) Раббыңнын жолына даналықпен әрі жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр! Сондай-ақ (Алла жолында) күресу (немесе сөз таластыру) керек болғанда әрдайым сөз бен іс-әрекеттің ең жақсысын таңда. Шүбәсіз, Раббың өзінің тура жолынан кімнің тайып кеткенін жақсы білетіні сияқты тура жолына түскендерді (һәм түсетіндерді) де өте жақсы біледі.

Бұл аятты әйгілі Әс-Сабуни деген ғұламаның тәпсірінде былай түсіндіріледі. Алла тағала пайғамбарына: Уа, Елші! Адамдарды Алланың діні мен қасиетті шариғатына даналық жолымен, мейірбандықпен, жұмсақтықпен шақыр. Оларға әсер ететін, іске асатын нәрсемен. Айғаймен, зекумен, бетіне басумен емес. Қаталдықпен, суықтықпен емес. Қарама-қайшы көзқараста болған адамдармен пікір-талас барысында ақиқатты дәлелдеген кезде ең жақсы тәсіл қолданып, өте әдемі түрде дәлелде. Уа, Мұхаммед! Расында сенің Раббың адасқандардың хал-ахуалын анық білуші сонымен бірге тура жолдағылардың да жағдайын толық біледі. Сенің міндетің оларды дінге шақыру мен пікір-таласта даналық жолын ұстанып әрекет ету. Оларды тура жолға салу міндетті емессің. Расында сенің міндетің дінді жеткізу, ал Біздің міндетіміз адамзаттан өлімнен соң есеп алу.

Жоғарыда айтылған тәпсірге сүйенетін болсақ дінге шақырушының бірнеше қасиеттері болу қажет. Ең әуелгісі бұл даналық. Егер уағызшы Исламға даналықпен шақыратын болса онда оны естіген қауым дінді дұрыс және толық түсінеді, талассыз әрі жеңіл қабылдап бірден амал етуге кірісіп кетеді. Ірге тасы дұрыс қаланғаннаң кейін Исламмен жаңа өмірді бастаған жан қадамын нық басып үлкен қателерден аулақ болады. Нәтіжесінде тура жолдан адаспай бақыт бақшаларында ғұмыр кешеді. Керемет емес пе?!

Ал енді ардақты Мұхаммед Пайғамбардың, Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын, сахабасы, әділетті халифалардың төртіншісі Әли ибн Әбу Толибтың, Алла одан разы болсын, сөзіне назарымызды аударайық: وَ قَالَ عَلِيٌّ: حَدِّثُوا النَّاسَ، بِمَا يَعْرِفُونَ أَ تُحِبُّونَ أَنْ يُكَذِّبَ، اللَّهُ وَ رَسُولَهُ Адамдарға олар түсінетін әңгімені айтыңдар. Алла мен Оның Елшісін өтірікке шығарғандарын қалайсыңдар ма? Осы хадистің түсіндірмесінде төмендегідей баяндалады: адамдардың бір мәселені түсініп ұғуда деңгейлері әртүрлі. Ғалымның түсінігі бойынша әр-бір жеке тұлғамен әр-бір жиналған топпен ақылдарына қонымды әрі оны естіген соң жек көріп кетпейтіндей сөз айту керек. Бұл хадисте момындардың әміршісі Әли ибн Әбу Талиб, Алла одан разы болсын, Алла мен Оның Елшісін растайтын нәрсе болмады демеу үшін, теріске шығармаулары үшін адамдармен ақылдарының деңгейіне, түсініктеріне сай сөйлеп, оларға күмәнді болып әрі ұғуға қиын болатын сөздерді қолданбауға нұсқайды.

Расында адамдар егер ақылдарына қонбайтын нәрсені естісе оны өтірікке шығаруға асығады. Шынтуайтында осыған байланысты ғалымның қарапайым адамдардың деңгейіне түсіп білімін теңестіруге мүмкіндігі бар. Сөйтіп ол қарапайым халыққа оларға түсінікті нәрсені айтады. Ал ілімде ізденетіндер мен зиялыларға нәзік мәселелерді арнайды, солармен бірге бұны талқылайды. Хадисте айтылғандай тындаушының түсінік деңгейіне қатысты жағдайын ескеру керек. Сонымен қатар хадис дінге шақырғанда жеңіл тәсіл мен әдемі баян етуді пайдалануға бағыттайды. Қорытындысы дінге тек ғалым болған кісі ғана шақыру керек, білімі терең, тәжиребесі мол, түсінігі кең, нәпсісі тыныштық тапқан, дана, сөзге шешен, сабырлы тұлға. Ал ғалым болмаған жандарға бұл мәселеге араласпағандары жөн. Адамның мәңгілік тағдыры ол ойнайтын нәрсе емес...

Құран, Ән-Нахл сүресі – 125 (Көкжиек баспасы, аудармасы. Анарбаев Нұрлан, Әкімханов Асқар) Сахих Бухари, 127 Ақтөбе медресе колледжінің арнайы пән ұстаз Бисенов Махамбет

Бөлісу