Дін - тәрбие тірегі
Адамның санасы мен жұдырықтай жүрегі, туылғаннан өлімге дейін өмірді танумен бірге өзін дамытумен болады. Өмір сүру, қабылдау, даму, ақыл-парасатын арттыру, мінез қалыптастыру секілді үнемі дамып отыратын процессте болады. Бұл процесстер адамның өзіне және де тікелей ортасына тығыз байланысты. Өмір мәнін ұғынып, өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп жатқанын түсініп, бақытты ғұмыр сүре отырып тәртіпті орта қалыптастыру басты міндет. Берілген өмірді бағалай отырып, өз-өзіне жауап бере алатындай өмір кешу өте жақсы. Өмірде болатын әр сәт, іс-әрекет, сөйлеу, қабылдау, жауап қайтару сол секілді адам өмірінде орын алатын жағдайлар оның барлығы адам ықпалымен болады. Адамзат тал бесіктен, жер бесікке дейін әр кез даму үстінде болады, оның айналасындағы адамдар мен қоршаған ортасына байланысты жеке тұлғалығы қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы ол күрделі жүйе. Сол жүйеге қатысатын әр нәрсенің өзіндік орны бар, атап айтқанда тәрбие туралы сөз қозғасақ. Тәрбие- жеке тұлғаның адамдық бейнесі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге бейімделу деңгейі, өзіне және айналасына қарым-қатынасы. Тәрбиені адам ақыл есін біле бастағаннан, ең алдымен ата анасынан, қоршаған ортасынан алады. Ең алғашқы тәрбие беруші ата ана болғандықтан ол маңызды этап болып табылады. Ары қарайғы тәрбие мектеп, жоғарғы оқу орындарындағы мұғалім, тәрбиешілерден, ортасындағы достар мен қоршаған ортадағы болып жатқан жағдайларды бағандау, қабылдау арқылы жүзеге асады. Күрделі жүйелердің бірі, адам тіршілігімен тығыз байланыста болып бірге дамып отыратын діннің адам өмірінде және тәрбиесінде алатын орны қандай?
Толығырақ