Жүктелуде...

Колледж миссиясы

Колледж миссиясы

Халықты діни сауатылыққа баулу және қалық бұхараның діни сауаттылығын күшейту арқылы елдің береке-бірлігін, құт-ырыс ынтымағын сақтау мақсатында имам ұстаздар мен теологтар дайындау.

МАҚСАТЫ:

білім беру қызметін мемлекеттік лицензия негізіндегі мамандықтар бойынша жүзеге асыру, білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету. еліміздің батыс аймағындағы мешіттерге жаһандану жағдайында алысты болжай алатын сауатты, білікті «Имам», «Ұстаз» біліктіліктері бойынша даярлау және қазіргі әлем дамуының барлық діни талаптарына жауап беретін білікті мамандарды даярлау; қоғамдағы теріс ағымның алдын алу арқылы ел бірлігі мен ынтымағын сақтау; ел тарихы мен географиялық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, болашақ жастарды дәстүрлі дін шеңберінде имандылыққа баулып,Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

МІНДЕТТЕРІ:

қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету; үздік практикалар негізінде білім алушылардың,ұстаздардың және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу; қоғам қажеттіліктеріне және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету; білім алушылардың зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру; қазақ халқының рухани мұрасымен ұштасатын, мәдениеті мен рухани өміріндегі исламның ханафи бағытындағы тарихи рөлін танитын, талаптарына жауап беретін қызметінің басым бағыттарын дамыту.