Жүктелуде...

Директор блогы

Басты бет /

Дауренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы

Колледж директоры

    Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, түрлі салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс. Осы орайда, Ақтөбе медресе колледжі 2008 жылы құрылды.

     Ақтөбе медресе колледжінің мақсаты: жас мамандарға ислам діні мен мәдениетін, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін үйретіп, жастардың бойында діни сауаттылығын, кез-келген қиындықта мойымайтын, адалдық пен әділдікті қастерлейтін иманды қоғам қалыптастыру.
    Ата-бабаларымыздың зеректігімен, Алаш ордашылардың жол сілтеуі арқылы күні кешеге дейін еліміз аман болды. М. Жұмабаев атамыз айтқандай Алаш атын аспанға шығаратын, қоғамның азаматтық белсенділік пен сапалы білімі келешек жастарымыздың арқасында жүзеге асады. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, одан әрі еліміздің игілігімен жастардың келешегін жарқын ету жолында жұмыс жасауға әзірміз.

    Құрметпен, медресе колледж директоры Абдимутали Кайназарович
Жеке поштасы: abdimutali.daurenbekov@mail.ru

Сұрағыңыз немесе ұсыныстарыңыз үшін