Жүктелуде...

Колледж тарихы

Басты бет / Біздің колледж /

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен Қазақстанның батыс өңіріне қарасты мешіттерге діни мамандар даярлау, сондай-ақ дінге қызығушылық танытқан жастарды дәстүрлі дінмен сауаттандыру арқылы аймақтағы діни тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында 2008 жылы Ақтөбе қаласы Нұрғасыр мешітінен 30 орындық "Ақтөбе медресесі" болып ашылды. 2012 жылы ҚР «Діни сенім және діни бірлестіктер» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу негізінде «Ақтөбе медресесі» жеке мекемесі болып қайта тіркелді. 2016-2017 оқу жылының басында «Ақтөбе медресе колледжі» жеке мекемесі болып, үшінші рет қайта тіркеліп «колледж» статусын алды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол кездегі шешімі бүгінгі таңда оңды нәтиже беруде. Олай дейтініміз, қазіргі кезге дейін сауат ашу курстарын тәмамдаған жастарды қоспағанда, 180 студент Ақтөбе медресе колледжінің оқу бағдарламасын «Исламтану» мамандығы бойынша толық бітіріп, «имам хатиб» біліктілігін алды. Осы түлектердің 70% Ақтөбе қаласы және облысымызға қарасты мешіттер мен басқада мекемелерді қызмет жасап жатқан болса, 20 % өз еліміздегі Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және Египет, Туркия сияқты мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарында әрі қарай білімдерін жалғастыруда. Ал, қалған 10% көрші облыстардан келген талапкерлер мешіттер мен діни орталықтарда қызмет жасауда. КЕАҚ «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 жылдағы сауалнамасы нәтижесінде «Дін және теология» бейіні бойынша медресе колледждердің рейтингі шығып, бағалау критерийлерінің 64,7% құрап, 7 медресе колледж арасынан Ақтөбе медресе колледжі үздік деп танылды. 2021-2022 оқу жылы қарсаңында колледждің көлемін кеңейтетін негізгі орта білім базасында талапкерлерді оқуға қабылдау туралы лицензия алып, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында сыйымдылығы 60 адамға арналған «Ұстаз» біліктілігі бойынша қабылдау жүргізілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды қадамы:


Расында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол кездегі шешімі бүгінгі таңда оңды нәтиже беруде. Олай дейтініміз, қазіргі кезге дейін сауат ашу курстарын тәмамдаған жастарды қоспағанда, 159 студент Ақтөбе медресе колледжінің оқу бағдарламасын толық бітіріп, «имам хатиб» мамандығы бойынша арнайы орта кәсіптік дипломға қол жеткізді. Осы түлектердің 70% Ақтөбе қаласы және облысымызға қарасты мешіттер мен басқада мекемелерді қызмет жасап жатқан болса, 20 % өз еліміздегі Нұр-Мүбәрәк университеті және Египет, Туркия сияқты мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарында әрі қарай білімдерін шыңдауда. Ал, қалған 10% көрші облыстардан келген талапкерлер мешіттер мен діни орталықтарда қызмет жасауда. Оқу орнын бітіріп шыққан түлектердің білек сыбана іске кірісуінің нәтижесінен жастардың басым көпшілігі шынайы имандылыққа бет бұрып, теріс ағымның жетегіне кету көрсеткіші азайды. Облысымыздағы діни тұрақтылық белсенді түрде қалыптаса бастады. Оның үстіне жергілікті жанашыр азаматтардың демеуімен медресе колледждің жанынан жыл сайын 250 студентке арналаған асхана, спорт кешені, оқу ғимараты, жатақхана, қыздар бөлімі сияқты ғимараттар бой көтеріп, оқу базасы өркендеп келеді.

Ғимараты


Оқу корпусының жалпы аумағы - 2268 м² құрайды. Ғимараттың бірінші қабатында ұстаздар және директор кабинеті мен оқу сыныптары орналасқан, екінші қабаты болса тұтастай сыныптарға арналған, ал, үшінші қабатында компютерлік сыныптармен бірге АКТ залы, арнайы кітапхана, есепшілердің кабинеттері бар. Сондай-ақ, бұл ғимаратта химия, физика, матеметика, биология, АӘД сыныптары және қазақстан тарихы, қазақ, орыс тілі т.б. әлеуметтік және гуманитарлық пәндерге арналған сыныптар мен арнайы медпункт кабинеттері де қамтылған.

Жатақхана


Сонымен қатар, студенттерге арналған арнайы қос қабатты жатақхана бар. Жатақхана аумағы – 1769 м². Бұл жатақханада студенттердің дәретханасы, намаз оқитын бөлмесі, демалыс бөлмелері қарастырылған. Аумағы – 250 м² болатын 250 орындық арнайы салынған бір қабатты асханасы жұмыс жасайды. Асхана ішінде жергілікті СЭС-тің талаптарына сай қол жуатын орындар мен ас әзірленетін, ыдыс жуатын бөлемелері гардероб және қойма бар.

Спорт кешені


Шәкірттеріміздің салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етулері үшін ұзындығы 39 да, ені 19, биіктігі 12 метрлік спорт кешені салынды. Спорт кешенінде дене шынықтыру ұстазының кабинеті, киім ілуге арналған және жуынатын орындар, спорт жабдықтарын сақтайтын бөлмелер мен дәретхана т.б. қажетті бөлмелермен жабдықталған. Ғимараттың аумағы аумағы – 900 м². Сонымен бірге, жаз айларында ашық аспан астында еркін ойнай алатын аумағы 0,0948 м² болатын жасанды көгалдандырылған ашық футбол алаңы да шәкірттер игілігінде.