Оқуға құштар колледж

16

қазан 2023
Ақтөбе медресе колледжінің кітапханашының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты эссе байқауы өткізілді.

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханашының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты эссе байқауы өткізілді.

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында кітапханашының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты эссе байқауы өткізілді. Кітап – адам жанының бөлшегі, ел азығы, сөз сандығы. Ол – рухани байлық, ата – баба аманаты. Әрбір саналы адамның негізгі құндылығы. Кімнің де болмасын шынайы құлшыныс, қызығушылықпен тамсана, таныса оқыған кітабы болады. Байқауға қатынасқан шәкірттер осындай кітаптары бойынша эссе жазды. Эссе мазмұнынан кітаптардың қатысушылардың өміріне ерекше әсер, өзгеріс сыйлағаны көрініп тұрды.

Толығырақ

04

қазан 2023
Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Кітап достарын іздейді” тақырыбында буккросинг өткізілді.

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Кітап достарын іздейді” тақырыбында буккросинг өткізілді.

📚КІТАП ДОСТАРЫН ІЗДЕЙДІ📚 Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Кітап достарын іздейді” тақырыбында буккросинг өткізілді. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі”) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби, оқырман мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Шараның негізгі мақсаты: әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр оқырман өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, кітабымен алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру

Толығырақ

22

қыркүйек 2023
МЕН ОҚЫДЫМ ЖӘНЕ СІЗГЕ КЕҢЕС БЕРЕМІН📚

МЕН ОҚЫДЫМ ЖӘНЕ СІЗГЕ КЕҢЕС БЕРЕМІН📚

«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында студенттерді оқуға тарту үшін «Мен оқыдым және сізге кеңес беремін» тақырыбында библио-кросс өткізілді. Библио-кросстың негізгі мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқыған кітаптан қорытынды жасауға үйрену, шығарманы жақсы есте сақтауға және түсінуге көмектесу, сонымен қатар кітапқа деген қызығушылықтарын ояту. Бұл іс-шараға колледж студенттері белсенді қатысты, олар оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісті, өздері оқыған кітаптарды оқуға кеңес берді. Кітап тек білім көзі ғана емес, сонымен бірге өмірдегі дос, кеңесші.

Толығырақ

18

қыркүйек 2023
Ақтөбе медресе колледжінің 1 курс студенттерімен “Ой маржаны - кітап” тақырыбында кітапхана бұрышы ұйымдастырылды.

Ақтөбе медресе колледжінің 1 курс студенттерімен “Ой маржаны - кітап” тақырыбында кітапхана бұрышы ұйымдастырылды.

Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін біздің асыл қазынамыз. Кітаптың біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізгілікке тәрбиелейтін бірден-бір құрал болып табылады. Осындай байлыққа толы әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында Ақтөбе медресе колледжінің 1 курс студенттерімен “Ой маржаны - кітап” тақырыбында кітапхана бұрышы ұйымдастырылды. ⠀ «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екені айтылды. Студенттер кітаптарға жай ғана шолу жасап қоймай, қызықты сұрақтарға жауап берді. Әрі “Мен кітапты қалай оқимын?” деген сұраққа жауап бере отырып, білім қазынасы кітапты жылдам оқудағы өздерінің техникасымен бөлісті. ⠀ #оқуғақұштарколледж #aqtobemedresecollege #ақтөбемедресеколледжі

Толығырақ

07

қыркүйек 2023
Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында қыркүйек айының 1-жұлдызында “Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана” тақырыбында ашық есік күні өтті.

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында қыркүйек айының 1-жұлдызында “Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана” тақырыбында ашық есік күні өтті.

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында қыркүйек айының 1-жұлдызында “Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана” тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінің мақсаты: қазіргі жас ұрпаққа, студенттерге кітаптың сарқылмас рухани қазына, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға дағдыландыру, студенттердің білімін арттырудағы ең маңызды, киелі орын кітапхана екенін ұғындыру.

Толығырақ