Жүктелуде...

2024 жылғы түлектер үш жылдық білімдерін қорытындылады

Image

2024 жылғы түлектер үш жылдық білімдерін қорытындылады

22     18 июня 2024

Ақтөбе медресе колледжінде "Исламтану" мамандығы, "Имам-хатиб" біліктілігі бойынша білім алушы жастар үш жылдық білімдерін қорытындылау мақсатында мемлекеттік емтихан тапсырды. ⠀ 📌Студенттердің білімін тексеруге келген ҚМДБ "Діни білім және кадр даярлау" бөлімінің маманы Жаңабай Кожин төрағалық еткен комиссия құрамына Ақтөбеоблыстық “Нұр Ғасыр” мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов, колледж директорының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары Ғазез Ілияс, колледжіміздің ұстазы Данияр Кенжеұлы кірді. Айта кетсек, емтиханға қатысқан түлек саны биыл 15. Түлектеріміз еліміздегі аймақтарға жас маман ретінде мешіттерге жаңа қызметтерге орналасатын болады. ⠀ 🔎 Одан өзге емтихан барысында болашақ имамдар қосымша сұрақ негізінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің дін тұрғысынан қалай орындалатындығы мен шешімдері туралы жауап берді. ⠀ Түлектердің алған ілімдері болашаққа жол ашсын деп, алдағы сапарларына сәттілік тілейміз!🎓 4bb5eda2-7ec6-4f1f-889c-065972c2eb22.jpg caa4001c-07f0-48d6-93fd-78e1722483c9.jpg f5cdc50f-30c0-4fa3-ab54-430e8d7c1135.jpg

Толығырақ инстаграм парақшамызда:

Бөлісу