Бірде, имам Жунаид әл-Бағдади:
«Сен, өзіңнің бір күні имансыз оянғаныңды елестетіп көрші. Алланың сенен бет бұрып, теріс айналғанын елестетші. Ол сенен бет бұрып, сені Алласыз қалдырды. Өзінің сәбиін тастаған ана секілді, Ол да сені осынау алып әлемде өзінің махаббатынсыз және қамқорлығынсыз қалдырды делік. Сәби өзінің анасынсыз өмір сүре аламағаны секілді, сенде Жаратушыңсыз өмір сүре алмайсың. Сен бұл әлемде Алласыз адасасың, ал өміріңнің болса мәні жоғалады. Олай болса, қалайша сен бұл өмірді Жаратушыңсыз өмір сүрмексің?! Ол сен сүрінген сәтте саған демеу болып, сені тура жолға бастады. Ол сенің қанағатсыздығыңа қарамастан сені кешіріп, сені жақсы көруін тоқтатпай нығметтерін беруді жалғастырды. Ол сенің істеген күнәларыңа сабырлы болып, сені жазалауға асықпай саған өзгеруге мүмкіндік берді. Ол саған сынақ жіберіп, кейіннен сенің жағдайыңды жеңілдетіп, саған өзінің мейірімін төкті. Осылайша Өзінің жақсы көруі мен көмегін сезінуіңді саған нәсіп етті. Саған өзіңнің қамқоршың, әрі көмекшіңді жоғалтып алу, бойыңа қорқыныш әкелмейді ме?! Саған өз досыңнан қол үзу қорқынышты емес пе?! Қашан сен бір жанға ғашық болсаң, неліктен ол үшін барлық нәрсеге баруға дайын боласың? Тіпті өз жаныңды қиюға да дайын боласың?! Өзіңнің сүйген ғашығыңның бір ғана жылы шырайына жету үшін барлығына дайынсың. Оның разылығы мен сезімі үшін еш қиындықтардан жүрексінбестен, сүйіктің сенің өзіне деген сезіміңнің шынайылығын білу үшін сені неше түрлі жолдармен сынаса да соның барлығына дес берместен шыдайсың. Олай болса неліктен сен осылайша өзіңе әмір етілгендердің шамалы ғана бөлігін орындамасқа?! Болашақта сүйіктіңмен бірге болу үшін, неліктен сен ол сені рақымына алу үшін еш шара қолданбайсың? Неге саған оған шүкіршіл болып, оның сүйіспеншілігіне ие болмасқа?! Қашан Ол сенің өзіне деген сүйіспеншілігің мен шынайылығыңды сені түрлі сынақтарға салу арқылы сынағысы келсе, сен үмітсіздікке бой алдырып, бірден берілуге дайынсың. Сондай оңайлықпен өзіңнің оған деген сүйіспеншілігінен қол үзуге дайынсың. Сен оны жақсы көресің бе? Демек сүйіктің үшін кез келген құрбандықтарға дайын болуың керек. Егер керек болса, сені тар жол тайғақ кешуге салса да. Жай ғана бір мәрте болса да оның сенен разы екенін білуің үшін жолыңда кездесетін кез-келген қиындықтарға дайын болып, оларды байсалдылықпен қабылдауың керек. Алла саған мұқтаж емес. Сен Аллаға мұқтажсың. Егер ол сені тастап қояр болса, онда сен үшін өлім қайырлы. Ғашықтар өздерінің сүйіктісін жоғалтумен өмірлерінің мәнін жоғалтқаны секілді сен де осылайша жаратушыңсыз өзіңді жоғалтып аласың. Ал сенде бардың бәрі ол – Алла. Ол сенімен болған кезде ғана сен күштісің. Бірақ егер Оны жоғалтар болсаң, жәрдемсіз қаласың».
Имам Жунаид жүзін төмен түсірді. Және оның жанарларынан көз моншақтары тама бастады. Кейін ол былай деп айтты:
«Аллаға деген махаббат – бұл қашан құл өзінің жанынан кетіп, өзінің Раббысын еске алумен оған байланып, әрдайым оның ақысын орындап, Оған жүрегін бағыттайды. Егер сөйлер болса, Алла көмегімен ғана тіл қатады. Егер сөз қозғар болса, тек Алла жайлы ғана айтады. Егер амал етер болса, тек Алланың әмірімен ғана, егер тыныштықта оқшау қалса, Алламен бірге болады. Ол Алланы еске алумен, Алла үшін және Алланың қорғанында болумен өмір сүреді. Нағыз сүйіспеншілік деген міне осы».
Рамадан әл-Бути айтты: «Алла – өзінің алдында қиямда тұрумен бізді мейіріміне бөлемеді ме?! Демек, Ол бізді жақсы көреді. Бізге өзіне басұрып, сәжде жасау мейірімін сыйламады ма?! Демек, бізді сүйеді.
Ей, бауырым! Сен Алланың сені сүйетінін түсінгеніңде сенде оған сондай сүйіспеншілікпен жауап беруің лайықты емес пе?! Неліктен оған дәл сондай махаббатпен жауап бермеске? Біздің жүректеріміз Аллаға деген махаббатқа толы болуы тиіс. Және қашан сенің жүрегіңде Аллаға деген сүйіспеншілік билеп алар болса, онда бұл сүйіспеншілік сенің бойыңдағы құмарлықтың түнегіне арайлы таңды атырары анық. Сенің жүрегіңді басқа еш нәрсе мекендей алмайды. Сол кезде сен Алланың құлдарына көз салар болсаң олардың әрқайсысын өзіңнен абзал деп ойлайтын боласың. Ал егер олар бүгінгі таңда сенен абзал болмаса да, ертең сенен абзалдығымен басып озуы мүмкін».
Аударған: Қазихан Шынтас