Жүктелуде...

Ақтөбе медресе колледжі ұстаздарының ұйымдастыруымен медресе шәкірттері арасында фиқһ және хадис дисциплиналарынан сайыс өткізілді

Image

Ақтөбе медресе колледжі ұстаздарының ұйымдастыруымен медресе шәкірттері арасында фиқһ және хадис дисциплиналарынан сайыс өткізілді

12     26 апреля 2024

Сәуір айының 23-шы жұлдызында Ақтөбе медресе колледжі ұстаздарының ұйымдастыруымен медресе шәкірттері арасында фиқһ және хадис дисциплиналарынан сайыс өткізілді. Шараның мақсаты шәкірттердің білімін шыңдап, ұшқыр ойларын дамыту әрі осы кезге дейін меңгерген білімдерін пысықтау болатын.

Жарыс, атап айтсақ, 2 мен 3-курс студенттері арасында өтті. Бір-бірінен қалыспай, барын салған шәкірттер арасынан оқ бойы озып шыққан, алғыр шәкірттерге жүлделер де берілді.

Соның ішінде: Бірінші орынды иеленген Тоғызбаев Ақниетке умра сапары;

Екінші орынды қанжығасына байлаған Аманғали Саятқа 100 000 теңге көлемінде қаражат;

Үшінші орын жүлдегері Отарғали Нұрисламға 50 000 теңге табысталды.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, шәкірттер мен ұстаздардың көңілінен шықты. Алдағы уақыттарда осындай шараларды тұрақты өткізіп тұру жайы да назардан тыс қалмады.

99280416-bd02-4d12-9816-d6b486a0e39f.jpg30dcfcaa-331c-4956-96f3-0dcf29ea7cbc.jpg

Толығырақ инстаграм парақшамызда:

Бөлісу