📚 Ақтөбе медресе-колледжінде қабылдау емтиханы өтті!
2025–2026 оқу жылына «Исламтану» мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдау емтиханы сәтті ұйымдастырылды.
👨🏫 ҚМБД Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев және колледж директоры Сұлтанов Ерік бастаған комиссия мүшелері талапкерлердің білімін екі кезең арқылы бағалады:
Тестілеу кезеңі – діни және жалпы білім деңгейін анықтау;
Әңгімелесу кезеңі – студенттердің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, жеке құжаттарына мән беру.