Ақтөбе медресе колледжінде ата-аналар жиналысы өтті
3
16 февраля 2025
Ақтөбе медресе колледжінде ата-аналар жиналысы өтті
Кеше Ақтөбе медресе колледжінде ата-аналар жиналысы өтті. Басқосуда шәкірттердің тәртібі, білім деңгейі және семестр қорытындысы талқыланды. Жиынға елуден астам ата-ана жан-жақтан арнайы келді.
Кездесуде оқу үлгерімі сараланып, тәртіп мәселелері қозғалды. Медресенің оқу бағдарламасы, шәкірттердің жауапкершілігі және білім сапасын арттыру жолдары талқыланды. Сондай-ақ, ата-аналар да өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді.
Білім мен тәрбие тек ұстаздардың ғана міндеті емес, ата-ананың да қолдауына тікелей байланысты. Сол себепті мұндай кездесулер шәкірттердің болашағына оң әсерін тигізері анық.