Ақтөбе медресе колледжінде жаңа оқу жылының ашылу салтанаты өтті
5
02 сентября 2025
1 қыркүйек – Білім күніне орай Ақтөбе медресе колледжінде оқу жылының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
🕋 Іс-шара қасиетті Құран оқумен басталып, 🇰🇿 Мемлекеттік Әнұранмен жалғасын тапты.
🎤 Ақтөбе облысының өкіл имамы Садиев Амантай мырза шәкірттерге білімнің маңызы жайында тағылымды насихат айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
👨💼 Колледж директоры Ерік Сұлтанов оқу үдерісінің жүйелі әрі белсенді өту қажеттігін баса айтты.
👨🏫 Ардагер ұстазымыз Нургалиев Бауыржан ұстаз колледждің басты мақсаты туралы ойымен бөлісті.
🎓 Дәстүрге сәйкес бітіруші түлектер атынан Нұртай Байшырақұлы жаңа студенттерге жылы лебізін жеткізді.
🤲 Шара соңында ата-баба жолын жалғаған ізгі дәстүрмен елімізге, жерімізге және дінімізге дұға жасалып, салтанат мәресіне жетті.
Бөлісу