Жүктелуде...

«Ақтөбе» медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды

Image

«Ақтөбе» медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды

9     31 июля 2025

aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-1.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-5.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-2.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-4.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-3.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-7.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-8.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-9.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-10.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-11.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-12.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-13.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-14.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-15.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-16.jpg aqtobe-medrese-kolledzine-zana-direktor-tagaiyndaldy-bugin-qmbd-toragasy-bas-mufti-17.jpg

📢 Бүгін ҚМБД төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Ақтөбе» медресе-колледжіне Ерік Сұлтанов директор болып тағайындалды.

📝 Жаңа тағайындауды ҚМДБ «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов таныстырып, білікті маманның қызметіне бақ-береке мен сәттілік тіледі.

☑️ Осы уақытқа дейін ұзақ жылдар оқу ордасының директоры қызметін атқарған РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Дәуренбековтің иығына шапан жауып, алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді.

📎 «Әбдімүтәлі Қайназарұлы осы жылдар ішінде «Ақтөбе» медресе-колледжінің қызметін жандандырып, облыстағы діни ахуалды жақсартуға күш салды. Діни маман тұрақтандыру, діни кадр даярлау істерін жолға қойды. Алла разы болсын. Ал енді жаңадан келіп жатқан маманда өздеріңізге бөтен емес. Осы оқу ордасының түлегі. Тәжірбиелі дін маман. Қолдау білдіресіздер деп сенеміз. Алла Тағала екі маманымызға да жар болғай», - деп тілек білдірді ҚМДБ «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің меңгерушісі.

🗒 Ерік Қонақбайұлы — Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылдық округінде дүниеге келген. «Ақтөбе» медресе-колледжі мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Сонымен қатар Шет тілдер және іскерлік карьера университетіндегі «Дінтану» мамандығының магистратурасын оқыған. 9 жыл дін саласында тәжірбиелі маман. Араб және орыс тілдерін жетік меңгерген. Отбасылы.

🕌 Бұған дейін Хромтау ауданының бас имамы қызметін атқарды.

📙 Еңбек өтілі

✓ 2016 жыл Алматы облысы, Байсерке елді мекені «Хайыр Ихсан» мешітінде ұстаз; ✓2017 жыл БҚО, Жаңақала ауданы Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы; ✓2020 жылдың 28 шілдесінен бастап бүгінге дейін Хромтау ауданының бас имамы, аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы.

✍️Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

https://www.instagram.com/p/DMuwXPwiayX/?igsh=dzBseDR3YWdsb2hs&img_index=1

Бөлісу