Жүктелуде...

Ақтөбе медресе колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА «Діни маман дайындаудың маңыздылығы» атты баяндама оқыды

Image

Ақтөбе медресе колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА «Діни маман дайындаудың маңыздылығы» атты баяндама оқыды

1     11 октября 2023

Ақтөбе медресе колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА «Діни маман дайындаудың маңыздылығы» атты баяндама оқыды ⠀ Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталған жиында арнайы бейнеролик көрсетілді. Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев, аталған университет ректорының кеңесшісі, ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшесі, Рақымжан Әкімбеков пен «Нұр Мүбарак» ЕИМУ аға оқытушысы Нұржан Стамбакиев, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Ақтөбе медресе колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Дәуренбеков, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Үмбетхан Сәрсембин, РАТТ мүшесі, этнограф, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облысы дін істер басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі, еліміздегі дін саласын зерттеп жүрген ғалымдар мен дін мамандары, БҚО, Атырау және Маңғыстау дін өкілдері; зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, ҚХА жанындағы этнос және БАҚ өкілдері, ішкі саясат бөлімдерінің және дін орталықтарының басшылары т.б жалпы 350-ден аса адам қатысты.

Ғылыми-танымдық конференция барысында құрметті қонақтар «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Ислам және зайырлы мемлекет», «Діни маман дайындаудың маңызы», «Құран, хадис мәтіндерін түсінудегі ғылыми ережелердің маңыздылығы» «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны», «Салт-дәстүрдің табиғатқа және шариғатқа негізі», «Діни оңалту және оның тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасады. ⠀ Айта кетсек, республикалық конференцияны ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет жүргізді.

f0417bd6-4a76-4190-95a5-cfb83b487b4b.jpg 23b29e75-c301-4ab6-aa52-c92ba0798395.jpg 7f468873-1f4e-403a-ad2c-a355f2d6ebf2.jpg

Толығырақ инстаграм парақшамызда:

Бөлісу