Жүктелуде...

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында шәкірттер арасында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты эссе байқауы өтті

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында шәкірттер арасында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты эссе байқауы өтті

1     16 октября 2023

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында кітапханашының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты эссе байқауы өткізілді.

Кітап – адам жанының бөлшегі, ел азығы, сөз сандығы. Ол – рухани байлық, ата – баба аманаты. Әрбір саналы адамның негізгі құндылығы. Кімнің де болмасын шынайы құлшыныс, қызығушылықпен тамсана, таныса оқыған кітабы болады. Байқауға қатынасқан шәкірттер осындай кітаптары бойынша эссе жазды. Эссе мазмұнынан кітаптардың қатысушылардың өміріне ерекше әсер, өзгеріс сыйлағаны көрініп тұрды. ⠀ Байқау мақсаты- жас буынның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,әдеби тіл байлығын кеңейту. ⠀ Байқау қатысушылары арасынан оза шыққан, ойы ұшқыр, сөзі көркем шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болды: І. Талғатұлы Мейрамхат (И23/9”А” шәкірті) ІІ. Орын Асылбек (И23/9”А” шәкірті) ІІІ. Бейсембай Мақсұт (И23/9”Б” шәкірті)

Толығырақ инстаграм парақшамызда:

Бөлісу