Жүктелуде...

Балиғат жасы қалай анықталады?

Image

Балиғат жасы қалай анықталады?

30     04 сентября 2022

Парыз, уәжіп, сүннет, мұстахап амалдарды орындау, харам, мәкруһ істерден тыйылу есі дұрыс (ақылды), ержеткен (балиғатқа толған) адамға міндет. Балиғатқа толған деп балалық жастан шығып, ержеткенге айтылады. Ақылды деп ақылы толыққан адамға айтылады. Сәби балалар балиғатқа толған болып саналмайды. Ақыл-есі жоқ адам ақылды деп аталмайды. Сондықтан, сәби мен ақылсыз адам парыз және уәжіп амалдарды орындамаса, күнәһар болмайды, ал харам және мәкруһ істерді істесе, жазаға тартылмайды.

Балиғат жасы - ер жету, бой жету жасы. Ер баланың балиғат жасына толуы он үш жастан басталады. Бұл жасқа толғанын білдіретін ерекше белгілері болады. Егер ұл балада осы белгілер көрінбесе, он бес жасқа толғанда дін бойынша балиғат жасына толды деп есептелінеді. Қыз балалардың балиғат жасы он жасқа толғанда басталады. Он жасқа келген қыз балада балиғат жасының белгілері көрінбесе, он беске толғанда балиғат жасына жеткен болып саналады.

Жауап берген: Ақтөбе медресе колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ильясов Бекжан Куанатович``

Бөлісу