Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Ақтөбе медресе колледжінің шәкірттерімен кездесті
11
11 октября 2023
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Ақтөбе медресе колледжінің шәкірттерімен кездесті
⠀
Кездесуде ҚМДБ Төрағасы болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтып, шәкірттерді терең білім алуға шақырды. «Расында, білім – амалдың негізі, басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білімсіз амал жасаған жандардың амалы қабыл болмайды, кері қайтарылады. Білім мен амал – бірін-бірі толықтыратын, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам білім алуды тоқтатпауы тиіс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
⠀
Сондай-ақ Бас мүфти медресе ұстаздарын Ұстаздар күнімен құттықтап, қызметіне табыс, отбасына амандық тіледі. Кездесу барысында шәкірттер ҚМДБ Төрағасына қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Толығырақ инстаграм парақшамызда:
Бөлісу