Жүктелуде...

Дін - тәрбие тірегі

Image

Дін - тәрбие тірегі

39     15 сентября 2022

Адамның санасы мен жұдырықтай жүрегі, туылғаннан өлімге дейін өмірді танумен бірге өзін дамытумен болады. Өмір сүру, қабылдау, даму, ақыл-парасатын арттыру, мінез қалыптастыру секілді үнемі дамып отыратын процессте болады. Бұл процесстер адамның өзіне және де тікелей ортасына тығыз байланысты. Өмір мәнін ұғынып, өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп жатқанын түсініп, бақытты ғұмыр сүре отырып тәртіпті орта қалыптастыру басты міндет. Берілген өмірді бағалай отырып, өз-өзіне жауап бере алатындай өмір кешу өте жақсы. Өмірде болатын әр сәт, іс-әрекет, сөйлеу, қабылдау, жауап қайтару сол секілді адам өмірінде орын алатын жағдайлар оның барлығы адам ықпалымен болады. Адамзат тал бесіктен, жер бесікке дейін әр кез даму үстінде болады, оның айналасындағы адамдар мен қоршаған ортасына байланысты жеке тұлғалығы қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы ол күрделі жүйе. Сол жүйеге қатысатын әр нәрсенің өзіндік орны бар, атап айтқанда тәрбие туралы сөз қозғасақ. Тәрбие- жеке тұлғаның адамдық бейнесі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге бейімделу деңгейі, өзіне және айналасына қарым-қатынасы. Тәрбиені адам ақыл есін біле бастағаннан, ең алдымен ата анасынан, қоршаған ортасынан алады. Ең алғашқы тәрбие беруші ата ана болғандықтан ол маңызды этап болып табылады. Ары қарайғы тәрбие мектеп, жоғарғы оқу орындарындағы мұғалім, тәрбиешілерден, ортасындағы достар мен қоршаған ортадағы болып жатқан жағдайларды бағандау, қабылдау арқылы жүзеге асады. Күрделі жүйелердің бірі, адам тіршілігімен тығыз байланыста болып бірге дамып отыратын діннің адам өмірінде және тәрбиесінде алатын орны қандай?

Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, жетілуі, тіршілік етуі, қартаю кезінде дін жағынан берілетін тәрбиесі адамның өзінің имандылығынан басталады. Имандылық маңызы:ата-ана мен баланың, әр адамның бір-бірімен қарым-қатынасы, кішілік пен ізеттілік, сыйластық пен әдептілік, инабаттылық. Адам имандылық тәрбиесін алдымен үй ішінен ата анасының ұстанған дінінен,сенімінен алады. Иманды болған адамның тәрбиесі де мықты болады. Адам бойындағы ішкі рухани күш «имандылық» адамның қоғамдағы және күнделікті өміріндегі іс әрекеттерін, сөйлеу, қабылдау секілді рухани қасиеттерін реттеушісі. Жүрек тазалығынан бастау алатын имандылық, адамының тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді, өйткені, жүректегі имандылық нұры әр кез адамның сыртқы болмысына әсерін тигізеді. Адамды жақсы ойлар ойлауға, жақсы сөйлеуге, ізгі істер істеуге бастайтын имандылық тәртіп жүйесімен тығыз қарым қатынаста. Адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарын бойына жинаған жан, қайырымды, білімді, байсалды, мінезі көркем, сөз саптауы орынды, мейірімді, ардақты жанға айналады. Аузынды әр кез Алласы бар адам ісі де оң болады, өйткені ол жүректегі иманы арқылы ғана іс әркет етеді. Үйде болсын, түзде болсын сенімі жағары иманы күшті адам имансыздығын, тәрбиесіздігін көрсетпейді, ол үшін ол дүниелер адам басасын азғыратын істер. Иман кілті ар ождандары қашанда болмасын қасынан табылады.

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын деп жатады ғой ұлы халқымыз, сол секілді тәрбие бесіктен берілгендіктен ата-ана көрсеткен үлгі өнеге бала жетілуінде басты орынға жайғасады. Қазақ сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген, салт-санасы мен наным-тиымдары, сенім жүйесі мен ұстанған дінің игі жақсыларын ұрпақ бойыны сіңіруге қашанда болмасын жан салып, даналығын тәрбие беру арқылы өнегелі сөзі мен ақылымен жеткізе білген.

Тәрбие алу мен тәрбие беру ол әр адамның қабылдауына байланысты,сол үшін де тәрбие көзі тәртіп пен ата-баба салт-санасы арқылы, ділі мен діні арқылы беріліп отырса болашақ өскелен ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылына көркі сай ұлдар мен қыздар болып өсіп-жетілуі сөзсіз. Тәрбие беру кезінде қолданылатын әр қимыл мен әдістер тек жақсы жағынан берілуі ең алдымен тәрбиелеушіден қадағалануы тиіс. Сондықтан, әр жан өз тәртіп-тәрбиесіне жауап бере білсе, имансыз және тәрбиесіз жандар болмасы сөзсіз.

    Ақтөбе медресе колледжінің директордың оқу ісі бойынша орынбасары
    Торбаев Жексенбай Жумадиллаевич

Бөлісу