Жүктелуде...

ҚМДБ ұйымдастыруымен еліміздегі медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада жарысы өтті

Image

ҚМДБ ұйымдастыруымен еліміздегі медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада жарысы өтті

12     17 мая 2024

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада жарысы өтті.

🔹 Шәкірттердің білімі сынға түсетін додаға еліміздің 9 медресе-колледжінен келген ең үздік 36 шәкірт бақ сынады.
✅ Екі кезеңнен тұратын байқауда: 1.Араб тілі және сөйлеу 2.Классикалық мәтіндерді оқу 3.Фиқһ 4.Ислам тарихы 5.Құран кәрімді жатқа оқу — сынды тапсырмалар берілді.

🔸 Медресеміздің екі шәкірті - Уразбаев Ислам, Болат Бекзат екінші кезеңге өтіп, нәтижесінде Болат Бекзат 3 орынды қанжығасына байлап, 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

📢 P.s. Айта кетейік, шәкірттеріміз фиқһтан үздік көрсеткіштер көрсетті.

d12d99e8-d11a-4ae6-9cdc-8527baefb86d.jpg

Бөлісу