Медресе кітапханасында “Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз” акциясы өтті
14
16 февраля 2024
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Яғни адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн.
⠀
Бұл мерекенің мақсаты: барлық кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақырып, жылылық пен мейірімге толы лебіздер айтып, сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
⠀
Бұл мереке 2012 жылдың 14 ақпанынан бастау алады. Дүниежүзі халқы тарапынан қызу қолдау тауып, қалыпқа ене бастаған бұл ізгі мерекенің тұңғыш бастамашысы – АҚШ-тық Эмми Бродмур деген әйел. Эммидің ұлдарының бірі анасынан: «Осы туған күніне орай немесе басқа бір себептерге байланысты адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын күн бар ма?» - деп сұрайды. Баласының сұрағына: «Жоқ», - деп жауап бере отырып Эммидің басына: «Расымен де осындай бір күнді неге белгілеп жыл сайын дәстүрге айналдырмасқа?» - деген ой келеді. Бұл ойды жүзеге асыру әрекетіне бірден-ақ кіріскен ол әлеуметтік желілердегі өзінің достығында отырған адамдарға, таныс блоггерлерге, сайт бойынша әріптестеріне хабарласады. Кітап сыйлау күні деген арнайы күнді белгілеп, кеңінен насихаттап дәстүрге енгізу қажеттігін айтып түсіндіреді. Міне осылайша қуатты ақпараттық қолдаудың арқасында әлем жұртшылығына ортақ Халықаралық кітап сыйлау күні пайда болды.
⠀
Әлемде 30-дан астам елде тойланатын бұл мерекеге Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасы мен шәкірттері де “Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз” акциясы арқылы өз үлестерін қосты.
Толығырақ инстаграм парақшамызда:
Бөлісу