Жүктелуде...

Медресе кітапханасында "Пайғамбарлар тарихы" тақырыбында сайыс өткізілді

Image

Медресе кітапханасында "Пайғамбарлар тарихы" тақырыбында сайыс өткізілді

1     24 октября 2023

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Пайғамбарлар тарихы” тақырыбында сайыс өткізілді.Білім сайысында аясында И22/9«А», И22/9«Б» шәкірттерінен құралған «Аңсар», «Ихсан» топтары білімдерін паш етіп, бақ сынасты.

Сайыс Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл өнегелерін үйренуге, білім алудың мән-маңызы жайлы , шәкірттерді жан-жақты білімді, тұлғалық жағынан үздіксіз ізденіп, дамып отыруға үндейді. Білім алушылар “Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірбаяны”, “Пайғамбарлар тарихы” кітаптарының оқилар желісі негізіндегі дайындалған сұрақтарға жауап берді. «Сұрақ-жауап» кезеңінде сұрақтарға ұшқыр жауап беріп, «Бұл қай шайқас?» кезеңінде оқиғаға байланысты шайқастардың атауын тапты.«Пайғамбарды таны» кезеңінде сурет бойынша пайғамдарларды өзіне тән ерекшеліктері бойынша тауып ұшқыр ойлы, тапқыр екендіктерін көрсетті, «Құпиялы сандық» кезеңінмен қызықты білім сайысы мәресіне жетті.

Нәтижесінде “Аңсар” тобы 1-орынға, “Ихсан” тобы 2-орынға ие болып, сайыс қорытыланды.

15142cf5-8f60-4887-96c9-47e67daa6ff7.jpg

79d4c200-7e9d-41d0-bf22-1305aff23ed7.jpg

9cbc946b-5077-4ebe-8511-753a45a6053b.jpg

6ed1b06f-2b52-4ac7-bea0-4042009cc88b.jpg

Бөлісу