🕌 Діни білім — жүректен жүрекке жететін нұр.
Бұл — тек кітап оқу емес, бұл — рухты тәрбиелеу, ар-ожданды биіктету, үмметке қызмет ету жолын үйрену.
📖 Ақтөбе медресе колледжі — еліміздегі шариғи ілім мен зайырлы білімді ұштастырған ерекше білім ордасы. Мұнда шәкірттер Құран, хадис, фикһ, ақида сияқты діни пәндермен қатар:
философия, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, Абайтану, әлеуметтік пәндер секілді жалпы білім беретін салаларды да меңгереді.
📿 Бұл жер — тек діни ілім емес, дүниелік біліммен де толыққан жан-жақты саналы ұрпақтың ұстаханасы.
Сен де таңдауыңды нұрлы жолдан жаса!