Жүктелуде...

«Мүфтият үздігі – 2023» номинациясында Ақтөбе облысынан үздіктер марапатталды

Image

«Мүфтият үздігі – 2023» номинациясында Ақтөбе облысынан үздіктер марапатталды

6     25 декабря 2023

ҚМДБ-ның қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2023» номинациясымен марапаттау рәсімі өтіп, салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

✓Салтанатты шарада 31 номинация бойынша марапаттады. Оның ішінде Ақтөбе облысынан 2 үздік бар.

📃 «Үздік медресе ұстазы» – «Ақтөбе» медресе-колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2013 жылдан аталған білім ордасында «Фиқһ» пәнінің ұстазы Жексенбай Жұмаділләұлы мен «Үздік қайырымдылық мекемесі» ретінде Ақтөбе қаласындағы «Әс-салам» қайырымдылық мекемесі лайық деп танылды. Аталған қайырымдылық мекемесінде 44 шәкірт оқуда.

🔉Одан өзге жыл қортындысы бойынша Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде арнайы жиын өткізіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Үздік деп жоғары бал алған бөлімдерді атап, сондай-ақ жетілдіруі қажет тұстарын екшелеп, кемшін түсіп жатқан бағыттар бойынша әлі де жұмыс істеу керектігін ескертті.

🕌 📝Жиын қортындысында облыстың Бас имамы жыл қорытындысы бойынша Ақтөбе өкілдігі «Үздік медресе ұстазы», «Үздік қайырымдылық мекемесі» номинациясына ие болғандығын айта келе, облыстық мешіттің екі қызметкеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан 3 алғыс хатын табыстады. Олар: облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы «Қажылық» бөлімі мен «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Нұрбол Смағұлов пен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің хатшы Ақерке Сағиеваны арнайы Серікжан Еншібайұлы құттықтады.

🗒Айта кетсек, 2022 жылы үздік деп танылған өкілдіктегі мешіт істеріне жауапты маман Бақыткерей Балкенов, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, ҚМДБ «Munara TV» телеарнасының тілшісі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды


✍Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі @nur_gasyr

066.jpg

055.jpg

Бөлісу