Жүктелуде...

“Оқуға құштар колледж тұжырымдамасы аясында “Кітапты бірге оқимыз” тақырыбында буккроссинг (bookcrossing) өтті

Image

“Оқуға құштар колледж тұжырымдамасы аясында “Кітапты бірге оқимыз” тақырыбында буккроссинг (bookcrossing) өтті

16     18 апреля 2024

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж тұжырымдамасы аясында “Кітапты бірге оқимыз” тақырыбында буккроссинг (bookcrossing) өтті. Шараға қыздар бөлімінің шәкірттері белсене қатысып, қытапқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын білдірді.

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын көрмеге қойып кете алады, кейін көрмеден өзі қалаған бір кітапты алып оқиды. Буккроссингтің басты мақсаты − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; шәкірттерді кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту.

Толығырақ инстаграм парақшамызда:

Бөлісу