Жүктелуде...

“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Оқыңыз - бұл қызықты” тақырыбында Бук-слэм (BOOK-Slam) өткізілді

“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Оқыңыз - бұл қызықты” тақырыбында Бук-слэм (BOOK-Slam) өткізілді

0     29 марта 2024

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Оқыңыз - бұл қызықты” тақырыбында Бук-слэм (BOOK-Slam) өткізілді. Шараға қыздар бөлімінің 1-курс шәкірттері қатысты.

📚Бук-слэм (BOOK-Slam)—өзіндік кітап жарысы. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, олардың әрқайсысы кітапты қысқа мерзім ішінде ең үздік түрде жарнамалайды.

Іс—шара шәкірттердің рухын көтеріп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды. Оқыған кітаптарына шолу жасай отырып, бір – біріне оқуға кеңес берді. Шара соңында кітапты жақсы түсіндіріп, белсене қатысқан білім алушылар марапатталды.

Толығырақ инстаграм парақшамызда:

Бөлісу