“Оқуға құштар колледж” жобасын іске асыру аясында “Не? Қайда? Қашан?” тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті
11
29 января 2024
Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасын іске асыру аясында “Не? Қайда? Қашан?” тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
Шараның мақсаты: шәкірттерге оқу танымдық тәрбие беру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Интеллектуалды сайысқа қыздар бөлімінен 3 топ қатысып, өз логикалық , практикалық білімдерін, ұшқыр ойлау қабілеттерін көрсетті. Бұл сайыс интеллектуалды ұрпақ қалыптастыруда өз үлесін қосты деген сенімдеміз.
Толығырақ инстаграм парақшамызда:
Бөлісу