Жүктелуде...

Оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу мақсатында «Кітап кино әлемінде» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырылды

Image

Оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу мақсатында «Кітап кино әлемінде» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырылды

12     29 января 2024

Ақтөбе медресе колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу мақсатында «Кітап кино әлемінде» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырылды. ⠀

Көрменің негізгі мақсаты — қазақ классиктерінің көркем әдебиеттерін насихаттау, ұмыт бола бастаған туындыларды қайта оқуға шақыру, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. ⠀

Көрмеде «Абайтану» ғылымының негізін салушы, көркем сөздің шебері М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының желісінде 1995 жылы түсірілген «Абай» атты фильмі туралы, балаларға арналған көркем туынды, балалар сүйіп көретін жазушы Б.Соқпақбаевтың повесі бойынша таспаланған «Менің атым Қожа» фильмі, 2005 жылы белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ-француз кинематографистері бірлесіп түсірілген «Көшпенділер» фильмі туралы мәліметтер берілді. ⠀

Бөлісу