Жүктелуде...

СӘЖДЕДЕ ҚАЗАҚША ДҰҒА ЕТУГЕ БОЛА МА?

Image

СӘЖДЕДЕ ҚАЗАҚША ДҰҒА ЕТУГЕ БОЛА МА?

25     14 ноября 2018

Пайғамбарымыздың «Сәждеде көп дұға етіңдер, сәжде Аллаһқа ең жақын жер» деген хадисін естіген едім. Сәждеде қазақша дұға етуге бола ма? Парыз намаздарда тек қана Құран аяттары мен хадистерде келген дұғаларды салауаттан кейін, намаздың соңында ғана айту керек (мысалы, «Рәббәна әтина дұғасы»). Ал, намаздың сүннеттерінде сәждеде жатып дұға еткен жағдайда Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен дұғаларын айтқан абзал.Сондай-ақ, намаздың ішінде дұға тек арабша айтылу керек. Ал, қазақша немесе өзге тілде айтылған дұға намазды бұзады. Бұған дәлел Алла елшісінің: «Біздің намазымызда адамның сөзін айту мүлдем дұрыс болмайды,» деп тыйым салғандығы туралы хадисі (Имам Муслим, 537.). Себебі, сәждеде дұға етуші адам өз қажетін өз білген дұғасымен айтатындықтан бұл құлшылықты бұзады. Жалпы намазды бұзатын амалдарды еске салсақ: ішіп-жеу, сөйлеу, Құранға қарап оқу, ыңылдау, ухілеп күрсіну, дүниелік істер үшін жылау. Жәннат немесе тозақты еске алып жылау намазды бұзбайды. Ал, намаздан соң пенде өз тілінде Жаратушыдан қаншалықты қажетін сұрада да еш әбестігі жоқ. Аталған үкімдер Ханафи мәзһабының Әл-Ихтияр ли тахлилал Мұхтар кітабынан алынған.

Жауап берген:

Ақтөбе медресе колледжінің ұстазы Ж.Торбаев

Бөлісу