Жүктелуде...

"Тәкпіршілер тәлкегі" мақаласы

Image

"Тәкпіршілер тәлкегі" мақаласы

4     16 июля 2023

Кіріспе

Күнімізде экстремизм, терроризм, такфиршілер ағымы, секталар деген сөздерді жиі естіп жатамыз және бұл сөздерді интернет немес басылымдарда діни ахуал жағдайын дұрыс түсінбегендіктен экстремизм ұғымын Ислам дінімен байланыстырылып, қате ақпараттар жиі беріліп жатады. Асылында Ислам сөзі – «амандық», «бейбітшілік», «жүйе», «бағыну» мағынасын білдіреді. Ислам зорлық зомбылыққа қарсы. Бұл асыл діннің негізгі құндылықтарына мән бермегеннің, діни сауатсыздықтың белгісі. Әу бастан Исламның ұстанымы тек бейбітшілік. Кейбір ориенталисттердің «ислам қылыш арқылы тараған», «әйел мәртебесі төмен» дегені де негізсіз. Ислам тек отанға, мал жанға қауып төнгенде ғана қаруға рұқсат етіледі ал жәннәттың кілті ананың аяғының астында деп бірақ сөзбен әйел мәртебесін көрсетеді.

Сондықтан қоғамда қандайда бір келіспеушілік не терористік оқиға орын алса оны Исламмен тікелей байланыстырудың еш негізі жоқ екуі керағар ұғым. Яғни, интернет беттеріндегі немесе белгілі бір тәуелсіз ақпараттық басылымдардың саяси құрбаны болмастан бұрын, ақпараттың рас екендігңе толық көз жеткізу керек. Тәуелсіздік алғалы руханиятқа шөлікіреген халқымыз уақыт өткен сайын имандылыққа бет бұруда. Алла тағаланың рахымымен, халқымыздың талпынысымен Ислам діні емізде қарқынды дамып келеді. Нәтижесінде көптеген мешіт, медресселер мен діни бағытта терең білім беретін PhD докторларымен жасақталған жоғарғы оқу орындары бой көтеріп бәсекеге қабілетті білікті кадрлар дайарлауда. Бұның нәтижесінде жастардың дінге бет бұруы артуда бұл біржағынан қуантса, енді бәз біреулер халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан салт-дәстүрін теріске шығарып, татулыққа сызат түсіргісі келетін қатал көзқарастағы адамдар өз жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда олар өздерінің идеологияларын көбінесе ақпараттық құралдар мен сайттар арқылы насихаттауда. Бұл идеологиялардың құрығына дәстүрлі имунитеті, базалық діни тамымы әлә қалыптасып ұлгермеген жастар мен оқушылар алданып қалуда. Терең түсіндірмені талап ететін діни мәтіндердің мән мазмұнына ақыл жүгіртпей мән берместен істің тек сыртқы көрінісіне ғана мән беріп буквализмге ұрынып әртүрлі идеологиялар мен жат ағымдырдың жетегіне кетіп жатады. Өкінішке орай, олардың арасында мектеп және ЖОО орнының студенттерінде кездестіруге болады. Отандық бір баспасөзде «Жамбыл обылысында 360 оқушы діни сектаның ықпалына бой ұрған» деген ақпарат тарады. Бұл дерек обылыстық білім басқармасы жүргізген әлеуметтік сауалнама қортындысы бойынша анықталған. Аталмыш зерттеуде «Жасөспірімдерді арбағандар қатарына салафизм ағымы мен протестанттық ілімдер де бар» деп көрсеткен.

Бұл мақаламызда Ислам тарихындағы алғашқы саяси радикалды ағым және оның күнімізге әсері, Харажиликтің қысқаша тарихы, Такфиршілердің тәлкегі және олардың идеологиялары, Тәпсір, Тәуильден теріс айналу неге ұрындырырады, Қазақстан Республикасында ДДА-ға қарсы күрес қалай жүргізілуде, жалындаған жастардың осы ағымның артынан лесіп кетпеуі үшін қандай шаралар жасалуы керек осылар турасында сөз етеміз. Харажилер – Исламда ең алғашқы пайда болған діни адсқан ағым. Күнімізде орын алып жатқан әртүрлі ланкестік, терорлық оқиғалар осы идеологиядан бастау алады. Бұл ағымға ерушілер қазіргі уақытта Солтүтік Африка, Оман және кейбір араб мемлекеттерінде кездескенімен, олар саяси немесе діни ағым ретінде өз күшін жойған. Дегенімен, тарихта аттары қалған. Аты қалса да заты жойылмаған ағымдар жайлы білу діни тұрақтылықты ізгі тұтқан кез келген мұсылман пендесі үшін қажетті мәлімет. Бұл ағым тарихы хазіреті Әлидің дәуірінде 657 жылы Сыффин соғысынан кейін Мағауиямен «тахкимді» (келісім) қабыл еткен үшін күнә жасады деп ғылымның қақпасы болған хазіреті Әлиді өз әскері күпірлікпен айыптап, Сен Алланың кітабына емес төрешіге жүгіндің, сол себепті кәпір болдың, тәубе ет деп бұйырады. Яғни күпірлікпен айыптаған тәкпіршілдік осыдан бастауалады. Ақыр соңында он екі мың әскер бөлініп, Харура елді мекеніне кетеді. Көпшіліктен бөлініп шыққандығы үшін ол топ «бөлініп шықты» деген мағынаға келетін «харажит» атауын алған. Хазіреті Әли сахабаның пәрменәмен Абдуллаһ ибн Аббасты харажиттерге насихат айтып райларынан қайтаруға Харураға аттандырады, кейін өзі барып насихат айтады. Өз қателіктерін түсініп, төрт мыңдайы қайтадан Алиге (р.а) әскеріне қосылады. Бөлініп шыққан Харажилер өздері тұрып жатқан аймақтарына өз ұстанымдарымен идеологияларын уағыздады, өз көзқарастарына қосылмайтын өзге мұсылмандарды кәпірге шығарып тіпті өлтіруге дейін барды. Бұдан Халиф хазіреті Алиге халықтан шағым түсіп 658 жылы олармен соғысуға мәжбүр болды. Хазіреті Алидің бұйрығымен сегіз мың харажит өлтірілді. Олардың бүліктері Әлидің халифатынан кейін де Омаяттардың кезеңінде де жалғасты, олардың атақты бесінші халиф атына лайық болған Омар ибн Абдул Әзиз кезеңінде Харажилерге қарсы күрес жүргізіліп, біраз жыл оларды басып отырды. Алайда, халифаттың көп аймақтарына тарап үлгерген Харажилер Аббасилер кезінде әлемге өздерін паш етті. Аббасия халифаты алғашқы кезеңдерінен бастап, қиян-кескі соғыстар жүргізді, онда он мыңдаған адам жазым болды.

Тарихшылыр Харажилердің жиырмадан астам ағымдары болғанын айтады. Белгілі ағымдарын айтар болсақ, олар алтау: 1)Мухакима 2)Әзариқа 3)Нәждат 4)Суфрия 5)Ажарида 6)Ибадия. Бұлардың қазіргі заманда барлығы жойылып тек Ибадия ағымы өзін сақтап қала алды. Ибадия ағымының негізгі ұстанымдары: 1)Олардың ұстанымына қайшы келетін кез келген басқару жүйесі-кәпір жұйе. 2)Үлкен күнә жасағанды кәпірге шығару. 3)Иман – ауызбен айту, жүрекпен бекіту, амалмен дәлелдеу. 4)Зинқор адам жазаға тартылмайды. 5)Етеккірі келген әйелге намаз оқуды мінттеттейді. 6)Құран кәрәмдегі «Юсуф» сүресін жоққа шығарады, олардың ойынша Құранда ғашықтар жыры келмеуі тиіс. 7)Осман мен Әлиді Алла оларға разы болсын және оларды қолдағандарды кәпірге шығарады. Пайғамбарымыздың хадис шәріптерінде харажилердің сипаты жайлы былай баяндаған «Олардан бір қауым шығады, Құран оқиды, алайда оны толық түсінбейді, жебеден шыққан садақ оғы секілді Исламнан шығады» (Бұхари хадистер жинағы) деген. Алдағы сөздерімізде осы хадисті ашықтайтын боламыз.

Енді сол Тәкпіршілердің ұстанымдары мен сипаттарына қысқаша тоқтала кетсек. Ұлттық құндылықтарды жоққа шығару: Әрбірі ұлттың ертеңі мен бүгініні, салт дәстүрімен мәдениеті және сол ұлттың терең тарихын жоққа шығару-сол елді бағыт-бағдарынан адастырудың басты шарты «Бір ұлтты жойғын келсе, ол ұлттың тарихын өшір» деген. Ата-бабамыз сан мың ғасырлар бойы Исламды өзінің тұрмыс тіршілігімен сабақтастырып, өнер мәдениетін, қисса, жыр дастандарды шариғатпен көмкере білген. Бәрімізге белгілі елімізде отбасы тәрбиесінде ақсап тұрғаны жасырын емес «Отан-отбасынан басталады» демекші жастардың адасуының бірденбір себебі қалыптасқан ұлттық тәрбиеден қол үзіп қалуымыз, осы тұста Жүсіп Баласағұн бабамызбен сөзімізді нығайтсақ «Кімде-кім халқынан алмаса тәләм, оны үйрете алмас ешбір мұғалім». Салафилік ағым өкілдері және идеологиясын ұстанған ата жолын тәрк етіп, мұсылманшылыққа жаңа бетбұрғандарған түркілік әдет-ғұрыпты мүмкіндігінше дінге кереғар етіп көрсетіп, қасиеттті ана тіліннен ауытқып басқа бір құлаққа тұрпы естілетін өзге елдің сөзін «ахи», «ухти» сөздермен сөйлеп, халық арасында түсінбеушілік пен қақтығыс тудыртып, Ислам дінінің негізгі мақсатынан ауытқып соңы үлкен қақтығысқа апарады, ал бейбіт дініміз бұндайға қарсы. Сөзімізді түркі әлеміне белгілі ғұламаның Шиһабуддин Марджанидің сөзімен түйіндеск «Дінде жоқ үш нәрсе бар, ол үш нәрсе иманыңның кемелі хәм сақшысы: Ұлттық тіл, ұлттық киім, ұлттық дәстүр».

Тәпсірден бет бұрулары: Ислам ғылымдарының бір саласы ол тәпсір.Тәпсір дегеніміз: тілдік мағынасы – «ашықтау» , «баяндау», «түсіндірме» деген мағынаға саяды, ал терминдік мағынасы – «Құран аяттарын түсу себептерін, мақсатын, қиссалар баяны туралы және меккелік және мәдиналық болып бөліну себебі, үкім және астарлы мағыналы аяттар, үкімі күшіндегі және күшін жойған (мансух-насих) аяттар және т.б. жайыттарды білу үшін қажетті ғылым». Тәпсір-Құран аяттарының астарлы мағыналарын ашықтап, мақсат мұратымен сырларын түсіну үшін қолданылатын ілім. Құран сарқылмас қазына болғандықтан тәпсірге деген мұқтаждық әрқашан бола бермек. Ғылым дамыған сайын Құранның жаңа қырлары, беймәлім көмескі мағыналары айшықтала түспек. Ал тар түсініктегі ағым осында үлкен саланы теріске шығарады. «Құран – тәпсірді қажет етпейтін кітап». Бұлда тәкпір ағымының басты ұстанымы. Такфиршілер Құран және сүннеттен үкімдерді тікелей, еш бір тәпсір немесе түсіндірмесіз алу керек дейді. Ал, «Кімде-кім Алланың кәләмы (сөзі) және пайғамбар сөзі тәпсірлеуді қажет етеді дейтін болса, ол-кәпір. Өйткені, ол адам баласының сөзі Алланың сөзінен қарағанда анағұрлым ашық та, түсінікті деп сеніп тұр» – деп түйіндейді. Тәкпіршілер бұл тұжырымын Құранның: «Біз әрбір Елшіні, анық түсіндіруі үшін өз елінің тіліменен жібердік..» (Ибраһим сүресі,4-аят) және «Бұл-аяттары аса Дана (Хаким), бәрінен Хабардар (Хабир), Алладан анық баяндалып, түсіндірілген Кітап» (Һуд сүресі 1-аят) деген аяттарды алға тартады.

Такфир ағымы «Алланың және пайғамбардың сөзі ап-айқын ба? әлде адам баласының сөзін түсіну оңай ма?»,-деп сауал тастайды. «Алла тағаланың сөзінің мағынасы айқын» десең, демек «Құран аяттарын ешбір талдамай тікелей сөзбе-сөз қабылдап, ілесу міндет» деп «пәтуа» береді. Ал, «Құран сөзі түсінікті емес, тәпсірлеу қажет» десең, Алла Өзінің сөзін бізге ұғынықты етіп жеткізе алмады деп тұрсың деп адамды «кәпірге» шығарады. Сонда барша тәпсірші ғалымдарды кәпірге шығарғаны ма? Әрине, мұның барлығы сауатты адамның түсінігінен алыс тұжырым. Қала берсе, талас-тартыс және бос сөз ғана. Такфир жамағатының түсінігі бойынша Құранды тәпсірлеу-күпірлік. Себебі «тәпсірлеудің артында Алла өз әмірі мен тыйымын пенделерге жеткізе алмаған. Сондықтан адамдарға түсінуден туған қажеттілік» деп санайды.

Олай болса, неге пайғамбарымыз (с.ғ.с) немере інісі әрі тәпсірші сахаба Абдулла ибн Аббасқа: «Уа, Алла! Діннің білгірі һәм Құран мағынасын түсінуші ете гөр» (Мустадрак),-деп батасын берген! Тіпті сахабалардың өздері де кейбір аяттардың астарындағы мағынасын түсінбей Пайғамбар (с.ғ.с) келіп түсіндіруін өтінген. Құран Кәрімде оразаға байланысты «Ақ жіп пен қара жіп ажыратылып, танылғанынша жеңдер, ішіңдер» (Бақара сүресі,187 аят),- деген аяттың мәні – Ораза ұстаймын деп ниет еткен кісіге қараңғылық кетіп, таң қылаң бере бастаған уақытқа шейін ішіп-жеуіне рұқсат, одан кейін ішіп-жеу тоқтатылыды деген сөз.

Бұл жайлы мынандай хадис бар. Ади бин Хатим (р.а) «Мен ақ және қара қос жіпті алып жастығымның астына қойдым. Екеуіне қарап қоямын, бірақ ақтан қараны ажырата алмадым. Мұны Пайғамбарға (с.ғ.с) айтқанымда ол: «Расында сенің жүрегің таза жансың. Ол таңның ағы мен түннің қараңғылы». Демек аяттағы ақ жіп-көкжиектен созылып көрінетін таңның атуы. Ал, қара жіп түннің қараңғылығы. Таң мен кештің жіпке теңеуінің себебі, созылып жіп сияқты болып көрінуінен. Құраннның басқа бір аятында «Алланың жібіне жармасыңдар, бөлінбеңдер» деген аяттың «жіп» сөзін Алланың дінінен деп интерпретация жасаған дұрыс. Мысалға: «Едіге батыр қалың қолымен жауға қарсы тұрды» деген сөздегі «қалың қолымен» сөзін ауыспалы мағынасында әскер санының көп екенін білеміз немесе «Алдияр Әлиханның оң қолы» сөзі ауыспалы мағынада Алдияр Әлиханның сенімді серігі әрі кеңешсі екенін байқаймыз міне ауыспалы (мәжәз) мағына осы.

Осылайша тәкпір жамағаты қөрсоқырланып тек өздерінің дәлелдерін алға тартып басқаның пікіріне құлақ аспай бірбеткейлік, дөрекілік және өзі секілді ойламайтынды қаралауы. Құрандағы көптеген адам баласын ақыл ойын пайдалануға шақырытын аяттарға қарамай, ақыл адастырады деп тек наспен (Құран, хадис мәтіндері) ған шектелулері өкінішті. Негізінде ақылды шриғат шеңберінде қолдану шариатта заңдастырылған. Ибн Һазм олардың мына әрекеті жайлы былай деді: «Харажилердің (тәкпіршілер) алғашқылары-Құранды түсінбестен оқыған арабтар. Олардың араларында бірде-бір фақиһ (шариғат ғалымы) болмады. Бұған қоса, олардың қатарында Ибн Масғут, Омар, Әли, Айша, Әбу Мұса, Мұғаз ибн Жәбәл, Әбу Дарда, Сәлман, Зәйд, Ибн Аббас және Ибн Омар Алла ол кісілерге разы болсын секілді танымал сахабалардың ізбасарларынан да ешкім жоқ еді. Сондықтан да олар кішігірім мәселелердің өзіне бірін-бірі кәпір деп нұқитын. Ия жоғарыда атап өткен «алайда оны (Құранды) толық түсінбейді», «жебеден шыққан садақ оғы секілді Исламнан шығады» деген хадистің тәпсірі осы болар. Міне, бұл ағымның ілімде таяздығы һәм надан екендігін осыдан байқалады. Ал Орта Азиядан түркі тектес Ислам ғұламаларының көптеп шығуы және әлемдік өркениетің дамуына үлкен ықпал етуінің бірден-бір себебі ғалымдардың тек Құран және хадис мәтіндерімен шектелмей ақылды шриғат шеңберінде қолдана білуі. Имам әл-Ғаззали: «Ақыл-көз, Құран-күн тәрізді. Күн жарығында көздің жақсы көретіні сияқты ақиқатты түсінуде Құран негізінде ақылды пайдалануға мұқтаждық бар. Тек Құран жеткілікті деу күндіз көзді жұмып жүргенімен бірдей. Ал тек ақыл жеткілікті дейтіндер де қаранғы жерге бейне бір жарық іздеген тәрізді. Бұл екі түрде азғындыққа апарады. Сондай-ақ, шариғат пен ақыл бір-бірін толықтырып, кемелдендіріп келген екі нұр.

Дәстүрлі емес жат ағымдарды ауыздықтау: Күнімізде жат ағымдармен күрес қарқынды жүріп жатыр. Солардың ішінде әр қалаларға тиеселі дін істер басқармалары, мешіт және дерадикализация мекемелері өз жұмыстарын жүргізуде. Ия бұл тек бірғана ұйымның ісі емес жалпы халықтың уайымы болу керек. Дәстүрлі емес жат ағымдарды ауыздықтаудың алғашқы шаралары олар отбасы институтын дамыту, діни сауаттылықты дамыту, ағартушылық ұйымдарын ашу, оларды мемлекет тарапынан қаржыландыру және мектептегі берілетін білімнің жалпы бала тәрбесінің сапасын көтеру оны қазақы таным руханиятымен сабақтастыра білу және тарих қойнауында жатқан ұлт зиалыларының әдеби, рухани мұраларымен сусындандыру. Себебі бір ұлттың алға дамуы немесе күйреуі ол сол елдің жас ұрпақтарына тікелй әсер етеді. Тағыда айта кететін мәселе діни білімді аларда білікті мұғалімдердің қолынан мешіт немесе медресселерде білім алу. Жат ағымдағы азаматтардың барлығы интернеттен алынған білім болып шығуда осыған баса назар аудару керек. Сол себепті діни білімді белгісіз құпталмаған сайттардан алмауға шақырамыз. Осындай қарапайым ережелерді әрқайсымыз сақтай білсек елдің тұрақтылығы мен бірлігін ұстап тұра аламыз әрі елдің болашақғы баянды болмақ.

**Мурзахметов Исламбек Ақтөбе медресе колледжінің ұстазы, 2023ж

Бөлісу