Жолаушы кезінде екі намазды қосы оқуға бола ма?
76
30 сентября 2022
Ханафи бойынша екі намазды қосып оқу тек қажылық кезінде, Арафа мен Муздалифада ғана рұқсат етіледі. Сапарда, тұрғылықты кезде екі намазды біріктіріп бір уақытта оқуға болмайды. Өйткені, әр намазды өз уақытысында оқу парыз. Ол жайлы Алла Тағала Құранда былай дейді «Расында, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз етілді» (Ниса сүресі, 103-аят).
Ал, хадистегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарда екі намазды қосып оқыды дегеннің мағынасы: бірінші (бесін немесе шам) намазын ақырғы уақытына кешіктіріп барып оқиды да екіншісін (екінті немесе құптан) әуелгі уақытысында өтейді. Оған дәлел: Айша (оған Алла разы болсын) анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарда бесінді кешіктіріп екінті намазын алғашқы уақытында және шамды кешіктіріп құптанды әуелгі уақытысында оқыды».
*Жауап берген:
Ақтөбе медресе колледжінің ұстазы
Қарабек Бекдәулет Анарбекұлы*
Бөлісу