1) Оқу мерзімі: - 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай; 11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай;
Мамандығы: 02210100 – "Исламтану"
Біліктілігі: 4S02210103 – "Имам-хатиб"
2) Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде 1 жыл 10 ай;
Мамандығы: 02210100 – "Исламтану"
Біліктілігі: 4S02210104 – "Ұстаз"
Оқу орнымызда оқу тегін. Жатақхана және үш мезгіл тамақтанумен тегін қамтамасыз етілесіз.
Кем дегенде сауат ашу курсынан 4-5ай өтіп, тамыз айындағы ҚМДБ комиссия мүшелерімен сұхбаттасу қажет.
Ақтөбе облысының талапкерлері Ақтөбе қ., Ақжар 1, Ерлік көшесі-2 «А» «ӘС-СӘЛӘМ» мешіт медресесінде сауат ашу курсынан өте алады.
• Директордың атына өтініш;
• Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік, жеке куәлік);
• Өмірбаян;
• Аттестат немесе диплом;
• Көлемі 3х4 сурет (4 дана);
• 075-У медосмотр + флюра суреті;
• 0-63 форма
• Психо-нарко анықтама;
• Сотталмағандығы жөнінде анықтама;
• Жергілікті мешіттен (қала, аудан, облыс) ұсыныс;
• Мектеп атынан мінездеме (9 сынып бітіргендер үшін)
Шілде айынан бастап.
Әрине, оқуға түскен студентке стипендия тағайындалады. Бірінші жартыжылдықтан кейін қорытынды бағаларына қарай келесі семестр стипендия алу/алмауы шешіледі. Қорытынды бағалары арасында «С» бағасы (үш) болмау тиіс.
Имам, наиб-имам, азаншы, теолог.
Жұмыс орнын табу өз еркіңізде, бірақ бұл мәселе қиындық тудырса ҚМДБ шешімімен сізді аудан/қалаларға жұмысқа орналастырады.
Иә, әрі қарай осы салада дамығыңыз келсе, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетіне түсе аласыз.