Жүктелуде...

Жаңалықтар

Басты бет /

9    11 октября 2023
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Ақтөбе медресе колледжінің шәкірттерімен кездесті

Кездесуде ҚМДБ Төрағасы болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтып, шәкірттерді терең білім алуға шақырды. «Расында, білім – амалдың негізі, басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білімсіз амал жасаған жандардың амалы қабыл болмайды, кері қайтарылады. Білім мен амал – бірін-бірі толықтыратын, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам білім алуды тоқтатпауы тиіс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Толығырақ
9    11 октября 2023
Ақтөбе медресе колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА «Діни маман дайындаудың маңыздылығы» атты баяндама оқыды

Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталған жиында арнайы бейнеролик көрсетілді. Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры..

Толығырақ